Атырау, 23 қараша 16:14
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атыраудан Меккеге дейін

3 014 просмотра

Облыстың орталық мешітінің бас имамы Амантай СӘДИЕВ биыл Меккеге қажылық сапарға Атыраудан 70-ке жуық адамның аттанғанын мәлім етті.

-Оларға сапар алдында арнайы ақпараттық дәрістер өткізілді. Сонымен қатар жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында вакцина жасалды, себебі Сауд Арабиясы қолында вакцина егілген деген арнайы құжаты жоқ жандарды елге кіргізбейді, - деді бас имам.

Оның айтуынша қажылықтың мақсаты – сапарлау  немесе дүние-мүлік әкелу емес, рухани тазалану, қажылықтан адам өзі үшін үлкен өзгерістермен келу керек. Биыл қажылыққа барған адамдардың қайтар кездегі жүгі 20 кг-нан артық болмауы қадағаланады, себебі кейде адамдар қызығып, түрлі нәрселерді сатып алуға әуес, ал зәмзәм суы 10 литрден артық болмауы тиіс.

Айта кетейік, шариғат бойынша қажылық сапарға кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс, денсаулығы жақсы, дәулеті жетерлік, өзгеге қарызы жоқ мұсылман ғана аттана алады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

7 қазан 2013, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.