Атырау, 5 ақпан 11:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49

ҚР Бас прокурорының жаңа орынбасары тағайындалды

84 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет
Ашық дереккөзден алынған сурет

Ерлан Өтегенов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол құқық қорғау органдары жүйесінде бірқатар басшылық қызметтер атқарған.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Рақымжанұлы Өтегенов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп хабарлайды Ақорда.

Білімі:
· Қазақ мемлекеттік заң университеті, мамандығы: құқықтану

Еңбек өтілі:
· Алматы облысы прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының прокуратура, сот органдары статистикасы және талдамалық жұмыс бөлімінің бас маманы (1997);

· Алматы облысы Қапшағай қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі;

· Алматы облысы прокуратурасының алдын ала тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры;

· Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының алдын ала тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау басқармасы басшысының орынбасары;

· Алматы қаласының табиғатты қорғау прокурорының орынбасары;

· Алматы облысы Қарасай ауданы прокурорының орынбасары;

· Ақмола облысы Целиноград және Егіндікөл аудандарының прокуроры;

· Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры;

· Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасының басшысы;

· Қазақстан Республикасы Бас прокуроры аппараты Кеңесшілер тобының Бас прокурорының аға көмекшісі;

· Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары (06.2019–05.2022);

· Нұр-Сұлтан, Астана қаласының прокуроры (05.2022 жылдан бастап).


Бүгін, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.