
Америкалық кәсіпкер, X және SpaceX компанияларының иесі Илон Маск Испания премьер-министрі Педро Санчесті «қатігез» әрі «фашистік тоталитарист» деп сипаттады, деп хабарлайды АА.
Бұған Санчестің 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салу және платформалар басшыларына заңдық жауапкершілікті күшейту туралы шешімі себеп болды.
Маск әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Санчестің Дубайда өткен Дүниежүзілік үкімет саммитіндегі сөзінен үзінді жариялап, оған «шын мәнінде фашист-тоталитарист» және «қатігез тиран, испан халқын сатқындыққа ұшыратқан» деген пікір қосты.
Өз кезегінде Санчес әлеуметтік желілерді «заңдар еленбейтін, қылмыстарға көз жұма қаралатын, дезинформация шындықтан жоғары бағаланатын, ал пайдаланушылардың жартысы өшпенділік шабуылына ұшырайтын кеңістік» деп сипаттап, Маскты ашық сынға алды.
Сондай-ақ ол Масктың «өзі иммигрант бола тұра» испан үкіметінің 500 мың мигранттың мәртебесін реттеу туралы шешіміне қатысты жалған ақпарат таратуын айыптады.
Айта кетейік, бұған дейін, 2025 жылдың қаңтарында Санчес Маскты X платформасының алгоритмдерін «жалған ақпарат тарату және қаралау науқандарын ұйымдастыру үшін қолданды» деп сынға алған болатын.
В Атырау -10