Атырау, 3 ақпан 16:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59

Астанада алаяқтар тобы сауда үйіне жарты миллиард теңге шығын келтірген

84 рет қаралды

Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен қылмыстық қудалау органдары бір жыл бойы жалған промокодтар арқылы тұрмыстық техниканы төмен бағамен сатып алып келген алаяқтар тобын анықтады.

Тергеу барысында сауда үйінің қызметкері 10 танысымен келісіп, iPhone, ноутбук, теледидар, тоңазытқыш және басқа да электроника тауарларын заңсыз жолмен алып, кейін үшінші тұлғаларға сатып отырғаны белгілі болды.

Кәсіпорынға келтірілген шығын көлемі – 473,6 млн теңге. Барлық 10 қатысушы 4 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талаптар толық қанағаттандырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.