Атырау, 13 қазан 06:10
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Көпшіліктің көз алдында өзіне қол жұмсады (толықтырылды)

3 077 просмотра

5 қазанда 22 сағат 20 минутта Атырауда Қала күні мерекесінің қызған шағында орталық көпірден ер адам секіріп кетіп, суға батып кетті.

Көпір үстінде бұл кезде адамдар болған. Куәгерлер қара күрте киген ер адамның көпір қанатына шығып алып, секірмек болып жатқанын бірден полицияға хабарлаған. Сол жерге жақын маңда жүрген полицей жасақтары жіберілгенімен, өкінішке орай, олар үлгермей қалды. Ер адам секіріп кеткен. Жедел басқару орталығының бейнекамерасы бұл оқиғаны түсіріп алды.

Суға секіргеннен кейін ер адам көмекке шақыра бастапты. Көпір үстіндегі полицейлер оған еш көмектесе алмаған. Шақырылған судан құтқарушылар дер кезінде жете алмады. Ол судың ағысымен төменге қарай аға берген. «Ағила» сауда орталығының маңына келгенде су астында ғайып болған.

6 қазанда ҚІІБ қызметкерлері сауда орталығынан Жилгородокқа дейінгі екі жақ жағалауды және университет маңын сүзіп шықты. Мүрде табылмады. Полиция 102 телефон нөмірі бойынша Қала күні мерекесінен кейін жігіттің туысы үйіне келмеген жандарға телефон соғуды сұрайды.

Облыстық судан құтқару қызметі басшысының орынбасары Самат ҚҰМАШЕВТІҢ айтуынша, ТЖД кезекшісінен шақыру түскен бойда құтқарушылар жасағы сол жерге жеткен. Алайда орталық көпірден сауда орталығына дейінгі су айдынынан суға кеткен адамды таппаған. Полицейлер мен өзен жағалауындағы бірнеше куәгерлер «Атырау» шипажайының маңында өзен ортасында суға ағып жатқан адамды көргендерін айтты. 6 қазанда «Атырау» шипажайы пирсі мен «Атырау-Ақпарат» КМК аралығындағы аумақты сүзіп шығу және сүңгуірлердің көмегімен денені іздестіру жұмыстары нәтиже бермеді.

7 қазанда сағат 20-да суға батып кеткен адамның денесі судан құтқарушылар мен Еркінқала ауылының балық аулайтын тұрғындарының бірлескен күшімен "Атырау" шипажайының маңындағы өзен бойынан табылды.

Облыстық судан құтқару қызметі басшысының орынбасары С.Құмашевтің айтуынша, оған Еркінқаладан бір отбасы хабарласып, Қала күні мерекесінен кейін 18 жастағы туысының үйге оралмағанын жеткізген. Туысқандары көмек қолын созуды ұсынып, іздеу шарасына 4 балықшы қайығы қатысты. Жігіттің денесі табылғанда туыстары оны танып, аза бойлары қаза болып, үйлеріне алып кетті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 қазан 2013, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.