Атырау, 3 ақпан 14:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59

Францияда оппозицияның сенімсіздік вотумы қабылданбады

103 рет қаралды

Францияда оппозиция үкіметке сенімсіздік білдіру жөніндегі вотумды қабылдатуға тырысқанымен, депутаттардың жеткіліксіз қолдауына байланысты бастама жүзеге аспады. Бұл үкіметтің 2026 жылғы бюджетті Ұлттық жиналысты айналып өтіп қабылдауына байланысты көтерілген мәселе еді, деп хабарлайды АА.

Сенімсіздік жөніндегі екі резолюцияны ультрасолшыл «Қарапайым Франция» (LFI) партиясы мен ультраоңшыл «Ұлттық бірлестік» (RN) партиясы ұсынды. Екі ұсыныс та Ұлттық жиналыста дауысқа қойылды.

LFI ұсынған резолюцияны 260 депутат қолдады, RN ұсынғанын — 135 депутат. Алайда үкіметті отставкаға жіберу үшін қажетті 289 дауыс жиналмады. Екі вотумның да қабылданбауына Социалистік партия (PS) депутаттарының үкіметті қолдауы шешуші рөл атқарды.

Қаңтар айында премьер-министр Себастьян Лекорню Конституциядағы өкілеттігін пайдаланып, оппозициямен келісімге келе алмағандықтан, 2026 жылғы бюджет жобасын парламентте дауысқа салмай қабылдағанын жариялаған еді.

Франция Конституциясының 49-бабының 3-тармағына сәйкес, үкімет заңды Ұлттық жиналыста дауысқа салмай қабылдай алады. Ал оппозиция бұған жауап ретінде сенімсіздік вотумын енгізе алады. Егер резолюцияны депутаттардың абсолютті көпшілігі қолдаса, үкімет отставкаға кетеді. Ал көпшілік қолдамаған жағдайда заң дауыссыз қабылданған болып есептеліп, Сенатқа жіберіледі.

Францияда қатарынан екінші жыл бюджет мәселесінде билік пен оппозиция келісімге келе алмай отыр. Бұл жағдай елдегі саяси тұрақсыздықты күшейтіп, үкіметтің әлсіреуіне алып келуде.

Бүгін, 13:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.