Атырау, 3 ақпан 14:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59

«ҚазТрансОйл» 2026 жылдың 1 наурызынан бастап мұнай тасымалдау тарифтерін өзгертеді

97 рет қаралды

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары арқылы мұнай тасымалдау қызметтерінің тарифтерінің өзгеретінін хабарлады.

Жаңа бағалар 2026 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне еніп, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге мұнай экспорттау және ел аумағы арқылы транзит кезінде қолданылады.

2026 жылғы 30 қаңтардағы №7 бұйрықпен бекітілген тарифтер (ҚҚС-сыз):

  • Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында теміржол цистерналарынан мұнайды құю — 1 тоннаға 1 715,05 теңге, өсім 969 теңге немесе 130%;
  • Мұнайды Т. Қасымов атындағы станциядан «Кенкияк–Атырау» мұнай құбырына ауыстыру — 1 тоннаға 80,99 теңге, өсім 0,6 теңге немесе 0,8%;
  • «Шағыр» мұнай құю эстакадасында теміржол цистерналарына мұнай құю — 1 тоннаға 517,00 теңге, өсім 236 теңге немесе 84%.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 30 қаңтардағы №8 бұйрыққа сәйкес, 1 наурыздан бастап Ресейден шыққан мұнайды Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға транзитпен тасымалдау құны өзгереді:

  • Өзбекстанға транзитпен мұнай тасымалдау — 1 тоннаға 28,02 АҚШ доллары (ҚҚС-сыз), өсім 0,12 доллар немесе 0,4%;
  • «Шағыр» пунктінде теміржол цистерналарына мұнай құю тарифі — 1 тоннаға 0,96 АҚШ доллары (ҚҚС-сыз), өсім 0,12 доллар немесе 14%.

«ҚазТрансОйл» АҚ — Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. Компания «ҚазМұнайГаз» тобына кіреді және ұзындығы 5,2 мың км болатын әртараптандырылған магистральдық мұнай құбырлары желісіне иелік етеді. Сондай-ақ ұзындығы 5 мың км-ден асатын өзге ұйымдардың құбырларын техникалық қызмет көрсетумен қамтамасыз етеді.

Бүгін, 13:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.