
Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Серік Сәпиев және оның орынбасары Дәурен Есімханов қызметінен босатылды. Бұл туралы Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабаралды.
Ведомствоның мәліметі бойынша, шешім өз еркімен қабылданған.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Серік Сәпиев пен орынбасары Дәурен Есімханов төбелескені туралы видео тарады. Одан кейін басқарма басшысы жағдай шешілді деп мәлімдеді. Көп ұзамай Серік Сапиев бұл жағдайда өзінің орынбасарын кінәлі деп мәлімдеді.
Одан кейінгі кадр мәселесі қалай шешілгенін ведомство хабарлаған жоқ.
В Атырау -10