
Көліктегі полиция департаменті Сарышаған станциясының төрт жұмысшысын жүк пойызы басып кетіп, қаза тапқан дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Қайғылы оқиға 2025 жылдың 10 желтоқсанында Шешенқара – Қаражыңғыл учаскесінде болды. Алдын ала мәлімет бойынша, қызметкерлер рельсті ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстарды орындап жатқан кезде оларға жүк пойызы келіп соғылған.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тергеу шаралары барысында үш күдікті анықталып, ұсталды. Олардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу мүддесі үшін іс бойынша өзге ақпарат жария етілмейді. Полиция шектеулердің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына байланысты екенін атап өтті.
Тергеу жалғасып жатыр.
В Атырау -10