БҰҰ сарапшылары мен Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы мамандары Сириядағы химиялық қаруды жоюға кірісті. Бұл жайында Agence France-Presse ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Delfi.lt хабарлайды.
Агенттік келтірген деректерге қарағанда, қазіргі таңда сарапшылар сириялық химиялық қару жойылатын полигон аймағына келіп жеткен. Алдын ала мәлім болғандай, бұл мақсат үшін ауыр техника қолданылатын болады.
Сирия иелігіндегі барлық химиялық қаруды жою жөніндегі Қарарды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қыркүйек айының соңына қарай қабылдаған болатын. Аталмыш шешім АҚШ-тың Башар Асад режиміне қарсы әскери іс-қимылының алдын алуға себеп болды.
Дереккөз: baq.kz