Атырау, 14 наурыз 11:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Атырауда ас-су жеткізетін курьер соққыға жығылды

444 рет қаралды

Оқиға 1 ақпанда болды. Жеткізуші қызметін атқарып жүрген 37 жастағы азамат клиентке тапсырысын әкеліп тұрғанда жанжалға тап болады.

Жанжал ушығып, төбелес басталып, салдарынан курьер беті мен қолынан жарақат алды.

Атырау облысы Полиция департаменті хабарлағандай, учаскелік инспекторлар қоғамдық тәртіпті бұзу дерегін тіркеді. Полицияның мәліметінше, 42 жастағы ер адам мас күйінде болып, қоғамдық орында курьермен сөзге келіп, қол көтерген. 

Жинақталған құжаттар сотқа жіберілді.

Айнұр САПАРОВА

3 ақпан, 09:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.