Қытайда ірі «Фитоу» тайфуны соғып, елдің оңтүстік -шығыс провинция билігі халықты жаппай көшіру жұмыстарын бастады. Тайфунға қауіптіліктің «қызыл» деңгейі беріліп отыр, деп хабарлайды ВВС Орыс қызметі.
Дүйсенбі күні таңертең Фуцзянь провинциясында болған дауылдың арты қатты жауын-шашынға ұласып, электр қуатының сөнуіне әкеп соқты. Желдің жылдамдығы сағатына 150 шақырымға жетті.
Көрші Чжэцзян провинциясында бірнеше үйлер құлап, қираған. Кеме айлағында жұмыс істейтін екі жұмысшы із-түссіз жоғалып кеткен.
«Фитоу» деген гүлдің атауы берілген тайфун жергілікті уақыт бойынша сағат 01:15-те Фуцзянь провинциясының солтүстік-шығысында орналасқан Фудин қаласындағы қуаңшылық жерге жеткен, деп хабарлайды қытай метеорологтары .
Дауыл басталмай жатып, Фуцзянь провинциясынан 177 000-нан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп мәлімдеді «Синьхуа» мемлекеттік агенттігі.
Чжэцзян провинциясының 574 000 тұрғыны өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
«Біз ешкімді мұндай қиын уақытта жалғыз қалдырмауымыз керек»,- деді Чжэцзян провинциясының губернаторы Ли Цян.
Вэньчжоу әуежайынан Чжэцзян провинциясына ұшатын ондаған рейс тоқтатылды.
Дерекөз: bnews.kz