Атырау, 2 ақпан 19:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59

Инфляция - 2026: бір айда азық-түлік, техника және қызмет бағасы қалай өзгерді

109 рет қаралды

2026 жылдың қаңтарында Қазақстандағы инфляция 1%-ды құрады.

Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, ай ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 0,8%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар — 1,2%-ға, ақылы қызметтер — 1,1%-ға өсті.

Азық-түлік бағасының өзгеруі

Қаңтарда бірқатар өнімдердің бағасының төмендеуі байқалды:

  • қияр — 7,3%-ға, 
  • алма — 4,1%-ға,
  • күріш — 0,7%-ға. 

Сонымен қатар қымбаттаған:

  • тұз — 0,9%-ға, 
  • майлы шпроттар — 0,6%-ға, 
  • жасымық — 0,2%-ға. 

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында бағалардың төмендеуі тіркелді:

  • асханалық ыдыстар жиынтығы — 7,1%-ға, 
  • электрлік ет тартқыштар — 2,8%-ға, 
  • жаңа жеңіл автомобильдер — 2,2%-ға,
  • азитромицин — 1%-ға. 

Сонымен қатар бағасы өскен тауарлар:

  • ноутбуктер — 4,3%-ға, 
  • жуғыш заттар мен мотор майы — 1%-ға. 

Ақылы қызметтер

Қаңтарда қызмет көрсету секторында:

  • жаттығу залдарының қызметтері — 1,2%-ға, 
  • киім тазалау — 0,7%-ға, 
  • шетел тілін оқыту курстары — 0,2%-ға өсті. 

Жылдық инфляция

Жылдық есептеуде 2026 жылғы қаңтарда инфляция 12,2%-ды құрады. 

  • Азық-түлік тауарлары 12,9%-ға, 
  • азық-түлікке жатпайтын тауарлар — 11,7%-ға,
  • ақылы қызметтер — 12%-ға қымбаттады.

Жылдық мәнде арзандағаны:

  • картоп — 7%-ға, 
  • сарымсақ — 4,9%-ға,
  • тәтті бұрыш — 2,6%-ға, 
  • кептілген өрік — 1,1%-ға. 

Бұл ретте қымбаттағаны:

  • мейіз — 7,7%-ға, 
  • ашытқы — 4,6%-ға. 

2025 жылдың қаңтарымен салыстырғанда бағалар өсті:

  • суэмульсиялық бояулар — 9,2%-ға,
  • әйелдер сөмкесі — 6,7%-ға, 
  • кір жуғыш ұнтақ — 6,3%-ға, 
  • төсек-орын жабдықтары мен кір сабын — 5,9%-ға. 

Қызметтер арасында жыл ішінде қымбаттады:

  • музыкаға үйрету бойынша мектептен тыс сабақтар — 2,3%-ға, 
  • ұялы телефонды жөндеу — 2,2%-ға.
Бүгін, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.