Атырау, 2 ақпан 19:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59

Кешіккені үшін жаттығу жасатқан: Атырау колледжінде дау шықты

110 рет қаралды
Видеодан скриншот
Видеодан скриншот

Атырау колледжіндег сабаққа кешігу оқиғасы аурухана мен тәртіптік жазаға ұласты.

Әлеуметтік желілерде Атырау энергетика және құрылыс колледжінің ағылшын тілі оқытушысы тәртіп сақтау әдістері үшін сынға ұшырағаны туралы ақпарат тарады. Пайдаланушылардың айтуынша, сабаққа алты минутқа кешіккен студентке жазалау ретінде 100 рет "отжимание" жасау ұсынылған.

Студенттің анасының айтуынша, оқиға 30 қаңтарда болған. Сабақтан кейін 16 жастағы ұлының жағдайы нашарлап, жедел жәрдем шақыруға тура келген. Дәрігерлер оның қан қысымын 150-ге 80 деп тіркеп, ауруханаға жатқызған. Жасөспірімге медициналық көмек көрсетіліп, қазір жүрек пен қан қысымын бақылайтын аппараттардың көмегімен дәрігерлердің қарауында.

Әйелдің айтуынша, оқытушының әрекеті ұлының денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Ол құқық қорғау органдарына арыз жазып, облыстық білім басқармасына да шағым жолдағанын жеткізді.

Жасөспірімнің өзі мұндай «жазалар» бұған дейін де басқа студенттерге қолданылғанын айтты. Оның сөзінше, сабаққа кешіккендерге дене жаттығуларын жасату тәжірибесі ағылшын тілі сабақтарында орын алған.

Білім басқармасының түсініктемесі

Атырау облысының білім басқармасы оқиғаның 2026 жылғы 30 қаңтарда болғанын растады. Ведомство дерегіне сәйкес, сабаққа кешіккен студентке мұғалім тәртіптік сипаттағы дене жаттығуын орындауды ұсынған. Бастапқыда студент бас тартқанымен, кейін 70 рет дене жаттығуын жасап, әрі қарай оқу процесін жалғастырған.

Басқармада атап өтілгендей, сабақ кезінде және одан кейін студенттің денсаулығына қатысты шағым тіркелмеген. Мәселе колледждің Әдеп жөніндегі кеңесінде қаралып, нәтижесінде педагог тарапынан кәсіби әдеп нормаларының сақталмауына байланысты еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік жаза қолданылды. Ведомство жағдай бақылауда екенін, ата-анамен байланыс орнатылғанын мәлімдеді.

Бұл оқиға бойынша полицияға шағым түспеген.

Айнұр САПАРОВА

Бүгін, 18:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.