Атырау, 2 ақпан 18:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59

​Ақтөбеде әйел өзіне тиіскен еркекті қылыштап өлтіріп алды

101 рет қаралды
Сурет: eremasdons.ru
Сурет: eremasdons.ru

Ақтөбе облысы, Құрайлы елді мекенінде сот төбелес нәтижесінде ер адамның қылыш жарақатынан қаза болуына қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Қылмыстық Қазақстан.

Тергеу мәліметі бойынша үйде екі әйел мен бір ер адам спирттік ішімдік ішкен. Бір сәтте үй иесі жатын бөлмеге кіріп, демалуға жатқан. Кейін оған ішімдік ішкен адам келіп, оны ұрып, қылыш сермей бастаған.

Әйел ер адамды сабырға шақыруға тырысқан, алайда нәтижесіз болған. Төбелес барысында ол шабуылдаған еркектің қолынан қылышты жұлып алуға тырысып, қарудың жүзі мен сабына жармасқан. Төбелес кезінде қылыштың ұшы ер адамның беліне тиген, ол қансырап, қайтыс болды.

Бастапқыда 60 жастағы әйел кісі өлтірді деп айыпталды, алайда сот істі "абайсызда кісі өліміне әкеп соғу" деп қайта саралады. Үкім шығарар кезде оның жасы, зардап шегушіге көмек көрсету әрекеті, сондай-ақ қайтыс болған адамның заңсыз әрекеті ескерілді.

Алқабилер соты әйелге тиісті шектеулерді белгілей отырып, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Бүгін, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.