Атырау, 2 ақпан 13:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59

Онлайн оқу мүмкін емес: ІІМ көлік жүргізушілерін даярлау курстарына қатысты мәлімдеме жасады

86 рет қаралды
Сурет: Polisia.kz
Сурет: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі интернет пен әлеуметтік желілерде жүргізушілерді жедел онлайн курстар арқылы даярлау жөнінде таралып жатқан ұсыныстарға байланысты ресми түсіндірме жасады.

Ведомствоның мәліметінше, болашақ жүргізушілер автомектепте толық оқу курсынан өтуі тиіс. Бұл курстың құрамына міндетті түрде практикалық сабақтар кіреді. Жүргізу дағдыларын тек онлайн форматта толық меңгеру мүмкін емес.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңіспаевтың айтуынша, жүргізу дағдылары нақты жол жағдайында ғана қалыптасады. Онлайн курстар толыққанды оқытуды алмастыра алмайды.

Сондай-ақ министрлікте автомектепті аяқтағанын растайтын қағаз түріндегі куәлікті алу талап етілмейтіні атап өтілді. Оқу туралы мәліметтер арнайы ақпараттық жүйелер арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтарына электронды түрде жолданады.

ІІМ өкілдері жүргізушілерді даярлау сапасы жол қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін ескертеді. Осыған байланысты азаматтарды оқу мәселесіне жауапкершілікпен қарап, күмәнді әрі заң талаптарына сай келмейтін ұсыныстарға сенбеуге шақырады.


Бүгін, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.