Атырау, 2 ақпан 11:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59

Тұман, көктайғақ және екпінді жел: Қазгидромет Қазақстан бойынша қолайсыз ауа райы күтілетіні туралы ескертті

112 рет қаралды

Қазақстанның бірден бірнеше өңірінде 2 ақпанда  қауіпті метеорологиялық құбылыстар күтіледі. Синоптиктер тұман, көктайғақ, бұрқасын, қатты жауын-шашын және екпінді жел туралы ескертеді, кей жерлерде жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін. Дауылды ескертулер солтүстік және шығыс облыстарда да, елдің оңтүстігі мен батысында да жарияланды.

2 ақпанда Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Дауылды ескертулер күтіледі:

2 ақпанда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.

2 ақпанда Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

2 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Өскемен қ.: 2 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

2 ақпанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

2 ақпанда Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман күтіледі.

Қызылорда қ: 2 ақпанда кей уақытта көктайғақ, тұман күтіледі.

2 ақпанда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қостанай қ.: 2 ақпанда тұман күтіледі.

2 ақпанда Алматы облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

2 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 2 ақпанда тұман күтіледі.

2 ақпанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Орал қ.: 2 ақпанда көктайғақ, тұман күтіледі.

2 ақпанда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

2 ақпанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Қарағанды қ.: 2 ақпанда тұман, көктайғақ күтіледі.

2 ақпанда Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Жезқазған қ.: 2 ақпанда тұман, көктайғақ күтіледі.

2 ақпанда түнде Маңғыстау облысының батысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Ақтау қ.: 2 ақпанда түнде көктайғақ, тұман күтіледі.  

2 ақпанда түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.

Атырау қ.: 2 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

2 ақпанда Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 2 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Бүгін, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.