Көрнекі сурет5 қазанда Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» мен «Атырау» командаларының арасында футболдан ел чемпионатының 29-турының матчы өтті.
Алаң иелері матч бойына шабуыл жасаумен болды. 39-шы минутта олардың ұпай салуға нақты мүмкіндіктері болған еді. Андрей ШАРАБАНОВТЫҢ қақпасына «Жетісу» капитаны Захар КОРОБОВ доп соққанымен, ол маңдайшаға тиді. «Атырау» ептілікпен қорғана біліп, ойын уақыты аяқталғанша қақпаларына ұпай салдырмады. Есеп 0:0.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ