Атырау, 14 наурыз 11:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Атырау облысында жыл ішінде 900-ден аса адам жоғалу дерегі тіркелді

729 рет қаралды

2025 жылы облыс аумағында хабар-ошарсыз кеткендерге қатысты 974 хабарлама тіркелген.  

Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының дерегінше, оның 509-ы кәмелетке толмағандарға қатысты. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 971 адамның жүрген жері анықталып, табылды.

2026 жылдың есептік мерзімінде 47 хабарлама тіркеліп, соның 45-і бойынша жоғалғандар табылған.

Полиция азаматтарға қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді:

  • Жақындарыңызбен үнемі байланыста болыңыз, ұзақ сапарға шыққанда байланыс құралдарының жарамды екеніне көз жеткізіңіз.
  • Жеке куәлікті өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
  • Орналасқан жерді анықтайтын қосымшаларды пайдаланыңыз.
  • Бейтаныс аумақтарда жергілікті жағдайды ескеріп, түнде қолайсыз аймақтарға жалғыз бармаңыз.
  • Балаларды қауіпсіз жүріп-тұруға және күтпеген жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйретіңіз.

Адам жоғалған жағдайда уақыт жоғалтпай, дереу полицияға немесе іздестіру органдарына хабарласу қажет.

30 қаңтар, 21:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.