Атырау, 30 қаңтар 16:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63

Президент: «Қазір еліміздегі волонтерлердің саны 300 мыңға жетті»

62 рет қаралды
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі волонтерлік қозғалыстың айтарлықтай өскенін атап өтіп, мемлекет азаматтардың қоғамдық пайдалы бастамаларға қатысуға ұмтылысын әрқашан қолдайтынын айтты.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазір елімізде 1 ұлттық және 20 аймақтық фронт-офис табысты жұмыс істеп тұр. Еріктілердің саны да артып келеді. 

"2020 жылы Қазақстанда 50 мың волонтер бар еді. Қазір олардың қатары 300 мың адамға жетті", - деп мәлімдеді президент.  

Сонымен қатар, елге пайдалы жұмыспен айналысатын ұйымдардың саны төрт есеге жуық өсіп, 800-ден асты. 

Президент атап өткендей, қазіргі таңда еріктілеріміз экология, білім, мәдениет және басқа да салалар бойынша маңызды бастамалар көтеруде. Соның ішінде «Жас ағаш», «Эко бақылау», «Білім волонтерлері» жобаларын ерекше атап өтуге болады. Осындай іс-шараларға 100 мыңға жуық ерікті қатысты. Әр бастаманың елге, қоғамға берер пайдасы мол. 

"Мен өздеріңіз сияқты жасампаз жастарға зор үміт артамын. Біз бәріміз бір ел болып, ауқымды шаруа атқардық. Енді тоқтамай, тек қана алға қарай жүру үшін заман ағымына сай болу өте маңызды. Сондықтан еріктілер қозғалысын дамытуға қатысты бірнеше өзекті міндетке тоқталайын», - деп атап өтті мемлекет басшысы волонтерлік істің келешектегі дамуына тоқтала кетіп.  

Бүгін, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.