Атырау, 16 қазан 11:21
 ашықВ Атырау +17
$ 487.42
€ 531.39
₽ 5.04

Тәліптерден қиянат көрген пәкістандық қыз Политковская сыйақысына ие болды

1 656 просмотра
 
Өткен жылы қазан айында «Талибан» қозғалысының содырлары басын жарақаттаған пәкістандық құқық қорғаушы қыз Малала Юсуфай Лондонда өткен салтанатты жиында Анна Политковская атындағы сыйақыға ие болды, деп хабарлады ресейлік жаңалықтар қызметінен.

Малала «ешкімнің батылы жетпегенде батылдық танытып іші құсаға толы қыз-келіншектердің ойын жеткізе білгені» үшін жеңімпаз атанды. 16 жастағы Юсуфзайдың сөзіне қарағанда, ол Политковскаяның өміріне тәнті және соған ұқсаған «батыл әйел» болғысы келеді екен.

Политковская атындағы сыйақы RAW in war халықаралық құқық қорғау ұйымымен тіркелген. Бұл сыйлық қақтығыс алаңдарында жұмыс істейтін әйелдерге беріледі. Өткен жылы Политковская сыйақысы қаза болған америкалық журналист Мари Колвинға берілді. Ол 2012 жылы Сирияның Хомс қаласын бомбалау кезінде құрбан болды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

5 қазан 2013, 21:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.