Атырау, 30 қаңтар 13:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63

ТКШ, экология және қоғамдық тамақтану: өңірде 103 млн теңге айыппұл салынды

84 рет қаралды

2025 жылы Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне өңір тұрғындарынан 1300-ден астам арыз-шағым келіп түсті. Олардың басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, экология және қоғамдық тамақтану салаларына қатысты болды.

Бұл туралы департамент басшысының орынбасары Айгүл Искакова Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында хабарлады.

Оның айтуынша, жоспардан тыс тексеріс жүргізу үшін заңды негіздер, растайтын құжаттар және нысан туралы толық мәлімет — ұйымның атауы мен басшысының деректері қажет.

«Растайтын материалдар болған жағдайда 40 тексеріс жүргізілді. Оның ішінде 35 жағдайда заң бұзушылықтар анықталып, нәтижесінде жалпы сомасы 103 млн теңгеден астам айыппұл салынды», — деді Искакова.

Сонымен қатар, Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес өңірде екі бағыт бойынша жоспарлы тексерістер жүргізіледі:

  • профилактикалық бақылау (нысанға барып тексеру),
  • біліктілікті тексеру.

Өткен жылы департамент мамандары осындай 30-дан астам жоспарлы тексеріс өткізген.

Ведомство тұрғындарға шағымдарын тікелей департаментке немесе e-Өтініш платформасы арқылы жолдауға болатынын еске салды.

Бүгін, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.