Атырау, 30 қаңтар 13:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63

ЕО Украина мен Молдоваға 153 млн еуро көлемінде гуманитарлық көмек бөлді

77 рет қаралды

Еуропалық комиссия Украина мен Молдоваға жалпы көлемі 153 млн еуро болатын жедел гуманитарлық қолдау көрсетілетінін жариялады, деп хабарлады АА.

Ресми мәлімдемеге сәйкес, 145 млн еуро Украинадағы азаматтық халықтың шұғыл қажеттіліктерін өтеуге, ал 8 млн еуро Молдовадағы украиналық босқындарға арналған гуманитарлық бағдарламаларға бағытталады.

ЕО-ның дағдарысқа дайындық және басқару жөніндегі комиссары, сондай-ақ теңдік мәселелері жөніндегі комиссар Аджа Лябиб атап өткендей, қақтығыстың бесінші жылына аяқ басар алдында миллиондаған украиндар электр жарығы мен жылусыз, ең қарапайым өмірлік қажеттіліктерден айырылып отыр. Ол ЕО-ның Украинамен ынтымақтастығы жай ғана ұран емес, нақты қажеттіліктерге сәйкес көрсетілетін тұрақты әрі сенімді қолдау екенін баса айтты.

2022 жылдың ақпанынан бері Еурокомиссия Украина мен Молдоваға гуманитарлық жобалар үшін 1,4 млрд еуродан астам қаржы, сондай-ақ Украина энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 3 млрд еуро бөлді.

Жалпы алғанда, Ресей-Украина қақтығысы басталғаннан бері ЕО-ның Украинаға көрсеткен қолдауының көлемі 193,3 млрд еуроға жетті.

Бүгін, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.