Атырау, 30 қаңтар 12:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63

Атырау облысында 156 мүмкіндігі шектеулі жанның құқығын қалпына келтірілді

94 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Атырау облысында прокуратура инватакси қызметін ұйымдастыру кезінде мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы бұзылғанын анықтады. Қадағалау органының араласуы нәтижесінде 156 тұрғынның құқығы қалпына келтірілді.

Атырау облысының прокуратурасы хабарлағандай, тексеру Жылыой ауданында жүргізілген. Талдау барысында инватакси қызметін ұйымдастыру кезінде өрескел заң бұзушылықтарға жол берілгені анықтады. 

Прокуратураның мәліметі бойынша, І-ші және ІІ-ші топтағы мүгедектігі бар жандар қозғалыс кезінде және диспетчерлермен байланыс орнатуда негізсіз шектеулерге тап болған. 

Сонымен қатар жергілікті инватакси қызметі ауылдық округтер мен елді мекендерге көрсетілмегенін, сондай-ақ диспетчерлік қызметтің жұмысы тиісті түрде ұйымдастырылмағаны анықталды. 

Өз міндетін тиісінше орындамағаны және заң бұзушылықтарға жол бергені үшін үш лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде Жылыой ауданының 156 тұрғынының құқықтары толықтай қалпына келтірілді.

Бүгін, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.