Атырау, 30 қаңтар 12:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63

ШҚО-да жоғары лауазымды шенеуніктер қамауға алынды

Бейнежазба
97 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Шығыс-Қазақстан облысында бірден бірнеше жоғары лауазымды шенеунік қамауға алынды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. 

Ведомствоның мәліметі бойынша қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алды және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталды.

"Оның жол құрылыс компаниялары және автобус парктерінің өкілдерінен 134 млн теңге сомасына заңсыз сыйақы алғаны анықталды. Тінту барысында тұрғын үйінен 121,9 млн теңге және 97,7 мың доллар тәркіленген", - делінген ҰҚК хабарламасында. 

Сондай-ақ осы өңірдің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Ол мұғалімдердің мемлекеттік аттестаттаудан өтуіне жәрдемдескені үшін жүйелі түрде ақшалай қаражат алған", - деп анықтады ведомстводағылар. 

Сот санкциясымен көрсетілген адамдар қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


Бүгін, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.