Атырау, 30 қаңтар 11:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63

Қосшыдағы спорт кешенінде 10 жасар оқушы қыз көз жұмды

119 рет қаралды

Ақмола облысының Қосшы қаласындағы қоғамдық мәдени-спорт кешенінде жаттығу кезінде 10 жасар мектеп оқушысы қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ресми дерекке сәйкес, бала «бронх демікпесі» диагнозымен диспансерлік есепте тұрған. Сабақ барысында оның жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем және реанимобиль шақырылған. Алайда дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады.

Аталған дерек Қосшы қалалық полиция бөлімінде тіркеліп, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Бүгін, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.