Облыстық әкімдікте өткен кеңесте өткір тыныс алу жолдары ауруларына қатысты статистика айтылды: жыл басынан бері бұл аурулармен 3 658 адам ауырған, оның ішінде 2 755-і - 14 жасқа дейінгі балалар.
Облыстың 37 мың тұрғыны әлеуметтік қорғалмаған топтарға жатады, оларға тұмауға қарсы вакцина тегін егілуі тиіс. Алайда вакцина сатып алуға облыстық бюджеттен тек 15 млн теңге ғана бөлінген. Бұл 22 мың мөлшерге ғана жетеді.
Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті 35 мемлекеттік мекеме мен 29 кәсіпорын басшыларына ұжымдарын тұмауға қарсы вакциналаудан өткізуге өтініш жасады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ