Атырау, 29 қаңтар 19:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61

​Депутат өлім жазасына тыйым салуды Конституциямен ​бекітуді ұсынды

107 рет қаралды
Сурет: almaty.tv
Сурет: almaty.tv

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв жаңа Конституцияда өлім жазасына тыйым салуды тікелей бекітуді ұсынды.

Ол адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың өмір сүру құқығының абсолютті сипатын Конституцияда айқындау қажет деген ұстанымын қолдады. Депутат Конституцияға «өмір сүру құқығы – әрбір адамның ажырамас әрі абсолютті құқығы» және «өлім жазасына тыйым салынады» деген нормаларды енгізуді ұсынды.

Депутаттың айтуынша, комиссия мүшелерінің міндеті Конституция нормаларын қайта жазу емес, оларды қазіргі заман талаптарына сай жетілдіру. Ол әділетті мемлекеттің басты өлшемі – адамның негізгі құқықтарын, әсіресе өмір сүру құқығын конституциялық деңгейде қорғау екенін атап өтті.

Оның пікірінше, бұл бастама Ата заңның гуманистік мазмұнын күшейтіп, «Әділетті Қазақстан» қағидатының мәнін нақтылай түседі.

Бүгін, 18:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.