Атырау, 29 қаңтар 19:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61

​Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген Екатерина Бивол Ресейде әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Бейнежазба
119 рет қаралды

Әлеуметтік желіде қырғыздар мен қазақтардың ар-намысына тиетін мәлімдеме жасаған Екатерина Биволға қатысты Ресейде сот қаулысы шықты. 

Санкт-Петербург соттарының баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Санкт-Петербург қаласының Ленин аудандық соты Екатерина Биволды Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 20.3.1-бабы бойынша, яғни өшпенділік немесе араздық тудыру және адамның қадір-қасиетін қорлау дерегімен әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Сот шешімімен оған 60 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.

Еске салсақ, қазан айында Екатерина Бивол әлеуметтік желіде видео жариялап, қырғыздар мен қазақтарға қатысты тіл тигізетін мәлімдеме жасаған. Бұл факт лингвистикалық сараптама арқылы расталды. Сарапшылар Биволдың сөздерінде балағат және әдепсіз тіркестер болғанын, сондай-ақ бір топтың екінші бір топтан «генетикалық белгісі» бойынша үстем екенін білдіретін тұжырымдар айтылғанын анықтаған.

Аталған жайт бойынша Қырғызстан мен Қазақстанда қылмыстық істер қозғалған. Қазақстан Ішкі істер министрі орынбасарының 2025 жылғы 13 қарашада республика Екатерина Биволды экстрадициялауды талап ететінін мәлімдегені де хабарланған.


Бүгін, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.