Атырау, 29 қаңтар 18:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61

Құрманғазы ауданында 2027 жылға дейін 9 ірі инвестициялық жоба жүзеге асады

106 рет қаралды

2026–2027 жылдары Құрманғазы ауданында жалпы құны 14,9 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Бұл бастамалар толық орындалса, 252 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы аудан әкімдіктерінің есеп беру жиынында аудан әкімінің орынбасары Амангелді Мұратов баяндады.

Жоспарланған жобалар қатарында сауда үйлері, кемпингтер, қоғамдық тамақтану орындары, балық қабылдау цехы, жанармай құю стансалары және жол бойындағы сервистік нысандар бар. Ең ірі бастама ретінде Шортанбай балық зауытын жаңғырту жобасы аймақ экономикасына серпін бермек.

Амангелді Мұратовтың айтуынша, өткен жылы ауданға негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 33,2 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар 348,3 млн теңге болатын 17 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, туристік база, дүкендер, мейрамхана, кеңселер және өндірістік-сервистік орындар ашылды. Нәтижесінде 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Балық шаруашылығы саласында алты табиғат пайдаланушы тұрақты жұмыс істеп келеді. 2025 жылдың екінші жартысында белгіленген 5,3 мың тонна лимиттің 88 пайызы орындалып, 4,6 мың тонна балық ауланды. Оның басым бөлігі экспортқа жіберілді. Күзгі маусымда 900-ге жуық адам уақытша жұмыспен қамтылды.

Сонымен бірге балықтардың қырылу қаупі бар 125 су айдыны бақылауға алынып, жазғы кезеңде шамамен 70 млн дана шабақ құтқарылды.

Бүгін, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.