Атырау, 29 қаңтар 18:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61

Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары құбырларды тексерудің жаңа әдісін енгізуде

98 рет қаралды

Қазақстанда құбыр жүйелерін тексеруде тәуекел факторларын ескеретін Risk Based Inspection (RBI) әдістемесі кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр.

Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Премьер-министр Олжас Бектенов төрағалық еткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, елде ұлттық стандарт бекітіліп, тәуекелге негізделген техникалық тексеру рәсімдері енгізілген. RBI әдістемесі тәжірибелік және пилоттық сынақтан өтіп, мұнай өңдеу зауыттарында және бірқатар мұнай-газ компанияларында қолданыла бастады.

Алдағы уақытта Қазақстан құбыр жүйелерінің техникалық жағдайын бақылауда осы форматқа толық көшуді жоспарлап отыр.

Әсіресе, Атырау, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарында RBI әдістемесін қолдану тиімділігін дәлелдеді. Бұл тәсіл жабдықтың істен шығу ықтималдығын азайтып қана қоймай, тексеру көлемін оңтайландырып, ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік берді.

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстан тәуекелге негізделген техникалық тексеруді кеңейтіп, оны корпоративтік стандарттар мен заманауи бақылау әдістеріне бейімдеуді көздеп отыр.

RBI енгізу өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқаруды жетілдіру және технологиялық тәуекелдерді азайтуға бағытталған жүйелі қадам ретінде қарастырылады.

Бүгін, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.