Атырау, 29 қаңтар 18:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61

Атыраудағы ет тапшылығы бағаны шарықтатты

120 рет қаралды

Қаңтар айының басында Атырауда еттің бағасы күрт өсіп, небәрі бірнеше күн ішінде келісіне жүздеген теңге қосылды. Қаладағы ет дүкендерінің бірінің өкілі редакцияға сол кезеңде нарықта не болғанын және жаңа бағаның қалайша тез орныққанын айтып берді.

Ақпарат көзі аты-жөнін жария етпеуді жөн көрді.

Оның сөзінше, айдың басында қалада ет тапшылығы байқалып, соның салдарынан алыпсатарлық күшейген. Жақын аудандардан жеткізілген еттің көтерме бағасы бір-екі күн ішінде 400–500 теңгеге қымбаттап кеткен.

Өткен жылы килограмына 3 100–3 200 теңге тұрған ет қазір 3 500–3 600 теңгеге жетті. Бүгінде бөлшек саудада ең төменгі баға — 4 000 теңге. 

Қазіргі уақытта жылқы еті саттықта жоқ. Ал көтерме бағасы: жылқы еті — шамамен 3 200 теңге, сиыр еті — 3 500–3 700 теңге.

Сатушының айтуынша, ет тапшы болған кезде бағаның өсуі заңды құбылыс. Мәселен, 10 қаңтарға дейін Оралдан ет жеткізілмеген, себебі мереке күндері құжат рәсімделмей, жеткізушілер жұмыс істемеген. Оның пікірінше, жақын арада бағаның төмендеуі екіталай, өйткені жанармай, жем-шөп және басқа да шығындар да қымбаттап отыр.

Сонымен бірге ол бір күнде бағаның 500 теңгеге күрт қымбаттауын негізсіз деп санайды. Бұл мәселені жыл басында көтергенде, жағдайды бақылауда ұстауға болар еді дейді.

2025 жылы елде, әсіресе Атырау облысында, көптеген шаруа қожалықтары жабылған. Қалаға ет негізінен Атырау мен Оралдан, ішінара Қызылқоға ауданынан жеткізіледі. Жеткізушілер қаладағы тапшылықты көрген бойда бағаны көтерген, ал жоғары баға орнаған соң басқа өңірлерден арзан ет әкелу тиімсіз болып қалған.

Сатушының айтуынша, қазір ет сатылымы айтарлықтай азайған. «Сарайшық» базарындағы ет павильоны бос тұр, шамамен 20-ға жуық сатушы сатып алушысыз қалған. Бүгінде еттің ең төменгі бағасы — 4 000 теңге.

Редакция бұл мәселеге қатысты өкілетті органдарға сауал жолдап, ресми жауап күтіп отыр.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

Бүгін, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.