
Италиялық сән үйі Prada соңғы бес жылда еңбек жағдайларының нашарлығына байланысты 200-ден астам мердігермен келісімшартты тоқтатты. Бұл туралы Financial Times компания деректеріне сүйене отырып хабарлады, деп жазады Коммерсантъ.
Prada-ның мәліметінше, 2020 жылдан бері Италиядағы мердігерлер мен субмердігерлерге 850-ден астам инспекция жүргізілген. Еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты қорғау талаптарын сақтамау, жұмысшыларға арналған жатақханаларды фабрика аумағында орналастыру сияқты заң бұзушылықтар анықталған жағдайда компания олармен жұмысын тоқтатқан.
Соңғы уақытта Милан прокуратурасы бірқатар люкс брендтерді тексеріп жатыр. Тергеушілер кейбір компаниялардың Қытайда және басқа елдерде жұмысшыларды заңсыз әрі қолайсыз жағдайда пайдаланған болуы мүмкін деп күдіктенеді.
2025 жылдың желтоқсанында итальян полициясы Prada, Versace, Yves Saint Laurent, Gucci, Dolce & Gabbana және басқа да сән үйлерінің жергілікті кеңселеріне барып, мердігерлермен жұмысқа қатысты құжаттарды талап еткен. Әзірге бұл тексерулер ресми тергеу мәртебесіне ие емес.
В Атырау -10