Атырау, 29 қаңтар 16:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61

Ресей шабуылдары салдарынан Киевте мыңдаған адам жылусыз қалды

90 рет қаралды

29 қаңтардан бастап Киевте электр энергиясы уақытша кесте бойынша өшіріле бастады. Қала билігінің мәліметінше, соңғы ресейлік шабуылдардан кейін 600 мыңнан астам үй жарықсыз қалған, деп хабарлайды Евронью́с

Энергетикалық жүйе аса ауыр жағдайда, ал қатты аяз бен жаңа соққылар қаупі қосымша шектеулер енгізуге мәжбүр етуі мүмкін.

Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатқанымен, көптеген көпқабатты үйлер жылусыз отыр. Газбен жылыту жүйесі жоқ үйлердің тұрғындары ерекше қиындыққа тап болды.

Киевтіктер тұрмыстық жағдайдың ауырлығын айтып шағымдануда: кейбір пәтерлерде температура +2–4 градусқа дейін төмендеген.

Деснян ауданында жағдайды жеңілдету үшін майданнан оралған әскери ардагерлер «Точка непобедимости» атты жылыту пунктін ашты. Мұнда адамдар ыстық шай ішіп, тамақтана алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тұрғындар бұл бастаманы жылы қабылдап, әскери қызметкерлердің қолдауына ризашылық білдіруде.

Бүгін, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.