Атырау, 29 қаңтар 15:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61

«ЛУКОЙЛ» Carlyle-мен келісім жасасты: Қазақстан активтері сатылмайды

86 рет қаралды

29 қаңтарда «ЛУКОЙЛ» америкалық инвестициялық компания Carlyle-мен LUKOIL International GmbH (топтың шетелдік активтерін басқаратын 100% еншілес ұйым) сатуға қатысты келісімге қол қойды, деп хабарлайды INTERFAX.

Компанияның хабарлауынша, келісімге Қазақстандағы активтер кірмейді. Олар «ЛУКОЙЛ» тобының меншігінде қалып, лицензияға сәйкес жұмысын жалғастырады.

Бұл келісім эксклюзивті емес және бірқатар шарттардың орындалуына байланысты жүзеге асады. Атап айтқанда, АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасынан (OFAC) рұқсат алу қажет. Сонымен қатар «ЛУКОЙЛ» басқа әлеуетті сатып алушылармен де келіссөз жүргізіп жатыр.

Компания шетелдік активтерді сатуды АҚШ пен Ұлыбританияның санкцияларымен байланыстырады. Бұған дейін Gunvor трейдерімен келісімге келу мүмкін болмаған еді, себебі АҚШ Қаржы министрлігі лицензия беруден бас тартқан.

Gunvor-дан кейін Carlyle, Chevron, ExxonMobil, ADNOC, IHC, Midad Energy және басқа да халықаралық инвесторлар қызығушылық танытты.

«ЛУКОЙЛ» қазіргі уақытта Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Ирак, Египет, Камерун, Нигерия, Гана, Мексика, БАӘ және Конго елдерінде жобаларға қатысады. Сондай-ақ компанияның Болгария, Румыния, Нидерландтағы мұнай өңдеу зауыттары мен 19 елде 2,5 мыңға жуық жанармай құю бекеттері бар.

Сарапшылардың бағалауынша, «ЛУКОЙЛ»-дың шетелдік бизнесінің құны 14–21 млрд еуро аралығында болуы мүмкін. Бірақ бұл сомаға санкциялардан босатылған жобалар кіретін-кірмейтіні белгісіз.

Қазақстан өз кезегінде «ЛУКОЙЛ»-дың бірлескен жобалардағы үлесін сатып алу мәселесі бойынша OFAC-қа ресми өтініш жолдады.

Бүгін, 14:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.