Атырау, 29 қаңтар 15:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61

«Тұрмыс» операциясы: жанжал жиі болатын отбасылар бақылауда

95 рет қаралды

Polisia.kz хабарлауынша, 27 қаңтардан бастап облыс көлемінде «Тұрмыс» атты жедел-профилактикалық іс-шара басталды. Оның мақсаты — отбасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Атырау қаласы №1 полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірге жанжал жиі болатын отбасыларды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Жыл басынан бері «102» арнасына 100-ден астам қоңырау түскен. Соның нәтижесінде 79 адамға қорғау нұсқамасы беріліп, 20 азаматқа сот шешімімен мінез-құлқына қатысты ерекше талаптар қойылды.

Бұл шаралар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және қайталануына жол бермеуге бағытталған. Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз немесе куәгер атансаңыз, дереу полицияға хабарласуыңыз қажет. «102» арнасы тәулік бойы кеңес беріп, көмек көрсетуге дайын.

Бүгін, 14:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.