
АҚШ-тың Техас және Миннесота штаттарында Иммиграциялық және кеден қызметінің (ICE) әрекеттеріне қарсы шыққан 18 адам ұсталды, деп хабарлайды АА.
АҚШ-тың әділет министрі Пэм Бонди әлеуметтік желідегі жазбасында Миннесота штатында ICE-ке қарсы наразылық кезінде 16 демонстранттың ұсталғанын хабарлады.
Бонди атап өткендей, олар «федералдық құқық қорғау органдарының жұмысына шабуыл жасау, қарсылық көрсету және кедергі келтіру» айыптарымен ұсталған.
«Жаңа ұсталымдар күтілуде. Мен мұны бұрын да айтқанмын, тағы да қайталаймын. АҚШ президенті Дональд Трамп пен Әділет министрлігі заңдардың орындалуын қамтамасыз етуге ештеңе кедергі болмайды», — деді ол.
Бонди өз жарияланымында ұсталғандардың есімдері мен суреттерін де жариялады.
Техастағы оқиға Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, Техас штатының Дилли ауданындағы иммиграциялық орталыққа 20 қаңтарда ұсталған әке мен баласы жеткізілгеннен кейін наразылық акциясы өткен. Қатысушылар «Оларды үйге қайтарыңдар!» және «Балаларды босатыңдар!» деген ұрандар айтқан.
Оқиға орнында АҚШ-тың Шекара және кеден қызметінің (CBP) қызметкерлері және Техас штатының Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің (DPS) өкілдері болған. Полиция кемінде екі адамды ұстап, қалғандарға көз жасаурататын газ қолданған.
ICE қызметкерлерінің 20 қаңтарда Миннесотада әке мен оның бес жасар ұлын ұстауы және оларды Диллидегі иммиграциялық орталыққа жеткізуі қоғамда наразылық туғызды. АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі баланың әкесінің өтініші бойынша бірге жеткізілгенін мәлімдеді.
Миннесота оқиғалары ICE қызметкерлері 7 қаңтарда Миннесота штатының Миннеаполис қаласында мигранттарға қарсы операция кезінде 37 жастағы АҚШ азаматы Рене Николь Маклин Гудты көлікте атып өлтірді.
АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм әйелдің «көлігімен ICE қызметкерлерін қағып өтпек болғанын» айтты.
24 қаңтарда Миннеаполистегі наразылық кезінде ICE қызметкерлері тағы бір адамды ұстау барысында атып өлтірді. Билік оның 37 жастағы медбрат Алекс Джеффри Претти екенін, оқиға кезінде оның жанында қару болғанын хабарлады.
В Атырау -10