Атырау, 26 қараша 08:34
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Лаңкестікке қарсы күрес мәселелері талқыланды

6 869 просмотра

Атырауда діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ету мәселелері бойынша құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне арналған үш күндік семинар басталды.  Журналистерге семинардың бірінші күні туралы ғана жазуға болатындығын бірден ескертілді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанат ЖАРАСОВТЫҢ айтуынша, бүгін елімізде діни нормаларды ұстанатын адамдар көбейіп барады. Жалпы қоғамда діншілдік деңгейінің артуы қауіп төндіріп тұрған жоқ деп есептейді ол. Алайда әлеуметтік-экономикалық проблемалар, тіршілік деңгейінің төмендігі, әсіресе, ауылдық жерлердегі жұмыссыздық діни негіздегі саяси және әлеуметтік наразылықтарды тудыруы мүмкін.

ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей КРАВЧЕНКОНЫҢайтуынша, бүгінде терроризм бүкіл дүние жүзі елдеріне қауіп төндіріп тұр. Ол саяси күрестің стратегиялық құралына айналған, бұған Таяу Шығыстағы соңғы оқиғалар дәлел бола алады. Лаңкестердің акциялары анағұрлым көп адамдар шығынын тудыруға бағытталған. Бұл ахуал лаңкестікпен күрестің анағұрлым тиімді әдістерін табуды талап етеді.

Қазақстан ТМД мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының антитеррорлық құрылымы шеңберінде белсенді жұмыс жүргізуде. Біздің еліміз БҰҰ-ның терроризммен күрес жөніндегі 14 халықаралық конвенциясына бірікті. Биылғы жылдың қаңтарында діни экстремизммен және терроризммен күрес туралы заңды актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар заңды күшіне енді. Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстер, сондай-ақ, басқа да 10 заңды актілер өзгертілді. ҰҚК жанындағы Антитеррорлық орталық өз жұмысын бастады. 24 қыркүйекте ҚР президенті 2013-2017 жылғы діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудің арнайы бағдарламасына қол қойды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

4 қазан 2013, 16:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.