Атырау, 29 қаңтар 12:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61

«Самұрық-Қазына» ​​Қашағандағы газ өңдеу зауыты құрылысын бақылауда ұстап отыр

Бейнежазба
96 рет қаралды

«Самұрық-Қазынаның» портфельдік компаниясы – «QazaqGaz» АҚ Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытын салуды жалғастыруда. Зауыттың жобалық қуаты жылына 1 млрд текше метр газды құрайды.

Құрылыс алаңында шамамен 1500 маман жұмыс істейді әрі 346 техника жұмылдырылған. Еңбек қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде.

Бүгінгі таңда атқарылған негізгі жұмыстар:

  • Іргетасқа 58 399 м³ бетон құйылды – 76,7%;
  • 8 786 тонна металл құрылымдар орнатылды – 43,4%;
  • 4 671 тонна механикалық жабдық орнатылды – 47,6%;
  • 1 863 тонна резервуар қойылды – 92,6%;
  • 24 608 м жерасты құбырлары тартылды – 54,2%.

"Самұрық-Қазына" жоба Қордың қатаң бақылауында екенін атап өтті. Оның іске асырылуы елде өңделетін газ көлемін арттырып, газ-химия саласының дамуына серпін беретінін деп айта кетті. 


Бүгін, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.