Атырау, 29 қаңтар 12:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61

Әлеуметтік желідегі видеодан кейін Атыраудағы наубайхана уақытша жабылды

117 рет қаралды

Атырауда Л. Хамиди көшесі, 51 мекенжайындағы наубайхана уақытша жұмысын тоқтатты.

Желіде тараған кадрларда санитарлық талаптардың бұзылғаны анық көрінеді.

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының хабарлауынша, шағым негізінде жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Тексеру барысында тамақ өнімдерін өндіретін нысандарға қойылатын санитарлық талаптардың бұзылғаны анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпкерге әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Сонымен қатар, анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқама беріліп, наубайхананың қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта нысан жұмыс істемейді. Кәсіпкер барлық талаптарды орындап, санитарлық қызметтен рұқсат алғаннан кейін ғана қайтадан жұмысын жалғастыра алады.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.