Атырау, 26 қараша 08:39
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Өтемақыдан бас тартамыз»

2 476 просмотра

Мейірхан ИМЕНОВ.Мейірхан ИМЕНОВ.Жуырда бірқатар республикалық БАҚ-дан «Арқан-Кергенде» қаза болған шекарашылардың отбасыларына 3,5 млн теңге өтемақы берілді деген ақпарат тараған болатын. Алайда, біз хабарласқан шекарашылардың (естеріңізге салайық, олардың төртеуі әскерге Атырау облысынан шақырылған болатын) ата-аналары ондай ақша туралы ештеңе естімегендерін айтады. Ал индерлік Мейірхан ИМЕНОВТЫҢ әкесі Сағындық ИМЕНОВ пен доссорлық Данияр БАЛҒАБАЕВТЫҢ әкесі Ғарифолла ҚАПАРОВ бұл ақшадан бас тартпақ.  

- Телеарналардың бірі мені ұлымның өлгенімен келісті деп хабар таратты. Бұл жалған. Мен ұлымның өлгеніне сенбеймін. Сондықтан мен бұл ақшадан бас тартамын, -дейді Сағындық Именов.

Айта кетейік, ол ҚР ҰҚК Қазақстан шекара қызметінің бастапқыда берген 800 мың теңге өтемақыдан да бас тартқан болатын.

– Жазда ҰҚК-нің екі өкілі үйге келді. Үш сағат отырып кетті. Олар менің «ұлымды өлді деп санаймын» деп сотқа арыз беруімді сұрады. Мен келіскен жоқпын.

Ал Ғарифолла Қапаров болса, өтемақы туралы ештеңе білмейтінін айтты.

-  Мұндайды бұрын ескерту керек қой. Өтемақы берілді деп неге өтірік айтады? Мен қандай жағдайда да бұл ақшадан бас тартамын.

«Арқан-Кергенде» қаза болған шекарашы сарбаз – Құрманғазы ауданы Жыланды селосының тумасы Жеңіс САҒЫНҒАЛИЕВТЫҢ әкесі Дәулет СҮНДЕТОВ те 3,5 млн теңге туралы ештеңе естімеген.

Данияр Балғабаев.          Жеңіс Сағынғалиев.         Бекзат Әмірғалиев.Данияр Балғабаев. Жеңіс Сағынғалиев. Бекзат Әмірғалиев.

Ал төртінші шекарашы – Қызылқоға ауданы Миялы селосының тумасы Бекзат ӘМІРҒАЛИЕВТІҢ анасы Нұрия ӘМІРҒАЛИЕВА 3,5 млн теңге түгіл, 800 млн теңге өтемақыны да алмағанын айтады.

– Бізге ешкім ондай ақшаны берген жоқ, ұлымыз бәрінен бұрын қымбат. Бірақ, мемлекет өтемақы төлесе, одан бас тартпаймын, - деді ол.

Мейірхан Именов секілді сүйегі анықталмаған Денис РЕЙДІҢ анасы Татьяна РЕЙ де Сағындыққа хабарласып, бұл ақшадан бас тартқандығын айтқан. 

Айтпақшы, бүгін 4 қазан – Мейірхан Именовтың 21 жасқа толған туған күні.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 қазан 2013, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.