Атырау, 29 қаңтар 12:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61

Шымкентте әйелді өлтірген күдіктіні ұстау кезінде полиция қару қолданды

92 рет қаралды
ChatGPT жасаған сурет
ChatGPT жасаған сурет

Шымкентте кісі өлімімен аяқталған қайғылы оқиға орын алды. Пышақ жарақатын алған әйел оқиға орнында қаза болды. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам мен әйел адам арасында өзара араздық салдарынан жанжал туындаған. Сөзге келмей қалған ер адам қарсыласына пышақ жарақатын салған. Ауыр жарақат алған әйел оқиға орнында көз жұмды.

Қанды оқиға туралы куәгерлер бірден полицияға хабар берген. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шаралары барысында күдіктінің ізін суытпай тапты. Алайда, оны ұстау оңайға соқпаған. Күдіктінің қолында қару болған және ол полиция қызметкерлеріне белсенді қарсылық көрсеткен. Осыған байланысты, тәртіп сақшылары қылмыскерді ұстап алу үшін табельдік қару қолдануға мәжбүр болған.

Күдіктіге медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, ол бірден қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бүгін, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.