Атырау, 29 қаңтар 12:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61

Жетісуда шенеунік бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды

62 рет қаралды

Жетісуда инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру кезінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану ісі бойынша үкім шығарылды.

Қадағалаушы органдардың хабарлауынша, Алакөл ауданының Арқарлы ауылында электр желілерін салу және қайта жаңғырту кезінде аудан әкімінің орынбасары қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, іс жүзінде орындалмаған жұмыстар туралы актілерге қол қойған. Нәтижесінде бюджет есебінен 189 млн теңгеден астам сома заңсыз аударылған.

Мемлекеттік айыптау ҚР ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы (ауыр салдарға әкеп соққан қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану,) бойынша қылмыс жасаған лауазымды тұлғаның кінәсін толық дәлелдеді.

Алакөл аудандық сотының үкімімен аудан әкімінің орынбасары мүлкін тәркілемей, 5 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Қабылданған шаралар қадағалау органының қағидатты ұстанымын көрсетеді: атқаратын лауазымына қарамастан заңалдында барлығы тең.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.