Атырау, 29 қаңтар 12:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61

Қазақстанда 29-31 қаңтада ауа райының қауіпті құбылыстары күтілуде

98 рет қаралды
ChatGPT жасаған сурет
ChatGPT жасаған сурет

Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жылдың 29-31 қаңтарда күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескерту жарияларды.

29 қаңтарда түнде Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, күндіз таулы және тау бөктерлі аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 29 қаңтарда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

29 қаңтарда Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 29 қаңтарда кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ тұман күтіледі.

Түркістан қ.: 29 қаңтарда түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда көктайғақ, тұман.

29 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 29 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 күтіледі.

29-31 қаңтарда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Алматы қ.: 29-31 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қонаев қ.: 29-31 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

29 қаңтарда Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі.

29 қаңтарда түнде Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде аздаған қар, көктайғақ күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.

Қызылорда қ: 29 қаңтарда түнде көктайғақ күтіледі. Кей уақытта тұман күтіледі.

29 қаңтарда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.

29 қаңтарда Атырау облысының батысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

29 қаңтарда Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 29 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.

29 қаңтарда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Астана қ.: 29 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Көкшетау қ.: 29 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

29 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

29 қаңтарда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Павлодар қ.: 29 қаңтарда тұман күтіледі.

29 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қарағанды қ.: 29 қаңтарда кей уақыттарда күтіледі.

29 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.

Жезқазған қ.: 29 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

29 қаңтарда Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

29 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

29 қаңтарда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.

Бүгін, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.