Атырау, 29 қаңтар 12:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61

«Тальго» пойыздарына 25% жеңілдік енгізілді

106 рет қаралды
Сурет: ҚТЖ
Сурет: ҚТЖ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ сұранысқа ие бірқатар бағыттар бойынша теміржол билеттеріне қысқы жеңілдіктердің іске қосылғанын хабарлайды. 

Жеңілдік шарттары белгіленген мерзім ішінде қолданылады және жол жүру құжаттарын рәсімдеудің бекітілген талаптары сақталған жағдайда ұсынылады.

Жеңілдіктер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жөнелтілетін пойыздарға қолданылады:

№11/12 «Алматы – Шымкент» бағытындағы «Тальго» пойызы
• Жеңілдік түрі: Турист «2Д» орындарына
• Жеңілдік мөлшері — 25%

№65/66 «Астана – Қызылорда» бағытындағы «Тальго» пойызы
• Жеңілдік түрі: үстіңгі орындарға
• Жеңілдік мөлшері — 25%

№105/106 «Алматы – Петропавл» бағытындағы «Тальго» пойызы
• Жеңілдік түрі: үстіңгі орындарға
• Жеңілдік мөлшері — 25%

Жеңілдікпен билеттерді тасымалдаушының ресми сайтынан, сондай-ақ теміржол вокзалдарындағы билет кассаларында қолжетімді. Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы тегін алуға болады.

Бүгін, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.