Атырау, 29 қаңтар 11:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61

Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

120 рет қаралды
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Мемлекет басшысы Смадияров Айбек Серікбайұлын Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы етіп тағайындады, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Смадияров Айбек Серікбайұлы бұрынғы атқарған лауазымынан босатылып, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.

БІЛІМІ

  • Абай атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы, 2004), «Халықаралық іс жүргізу» мамандығы
  • Түркия Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған жас дипломаттарға арналған курстар (2009)
  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Елшілері мен құрылымдық бөлімше басшыларына арналған біліктілікті арттыру курстары
  • Мемлекеттік қызметшілерге арналған «Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығы және оның құрамдастары» біліктілікті арттыру курстары
  • Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормалары бойынша біліктілікті арттыру курстары
  • Дипломатиялық дәрежесі – II сыныпты Кеңесші (07.2022)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

  • «Қазақстандағы Қытай Банкі» акционерлік қоғамының Әкімшілік департаментінің маманы (2005)
  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінің маманы (2006–2008)
  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Еуропа департаментінің атташесі, үшінші хатшысы (2008–2010)
  • Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшілігінің үшінші хатшысы (2010–2012)
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметінің сарапшысы (2012–2013)
  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің сыртқы саяси талдау және болжау комитетінің бірінші хатшысы (2013–2014)
  • Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы Елшілігінің екінші, кейін бірінші хатшысы (2014–2018)
  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметінің басшысы (2018–2019)
  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – баспасөз хатшысы (2019–2023)
  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Коммуникациялар департаментінің директоры – ресми өкілі (2023–2025)
  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – ресми өкілі (2025 жылғы наурыз – 09.12.2025)
  • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (15.12.2025-29.01.2026).
Бүгін, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.