
Талғат Байсуфинов Қазақстан футбол федерациясының шешімімен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды.
Ол 2025 жылдың қазан айында ұлттық құраманың тізгінін үшінші рет ұстады. Оның жетекшілігімен команда 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында бірнеше кездесу өткізді. Атап айтқанда, Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македония (1:1) және Бельгия (1:1) құрамаларымен тең ойын көрсетті.
Бұған дейін Талғат Байсуфинов 2016–2017 және 2020–2022 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін екі мәрте атқарған.
Сонымен қатар ол отандық футбол клубтарында да бапкерлік қызмет атқарды. Әр жылдары «Есіл-Богатырь» (Петропавл), «Ақсу», «Ертіс» (Павлодар), «Ақжайық» (Орал) клубтарын жаттықтырып, Қазақстан жастар құрамасымен жұмыс істеді.
Футболшы ретіндегі мансабында «Ертіс», «Металлург», «Еңбек», «Экибастузец», «Жетісу» және «Восток» клубтарының намысын қорғаған.
В Атырау -10