Атырау, 4 наурыз 01:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41

Алматыдан Шанхайға тікелей рейстер ашылады

316 рет қаралды

Air Astana авиакомпаниясы Алматы – Шанхай бағыты бойынша тұрақты әуе қатынасын іске қосады.

Рейстер 29 наурыздан бастап аптасына үш рет — сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Осылайша, Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 81-ден 84-ке дейін артады.

Министрлік бұл бағыттың ашылуы халықаралық әуе қатынасын дамыту және еліміздің көлік қолжетімділігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстардың бір бөлігі екенін атап өтті.

Жаңа бағыт Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстарға, іскерлік ынтымақтастыққа және туристік алмасуға тың серпін береді деп күтілуде.

28 қаңтар, 18:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.