Атырау, 4 наурыз 02:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41

Алматы облысында әкімдердің жалған шешімдері жойылды

307 рет қаралды

Алматы облысының прокуратурасы жер қатынастары саласында жүргізген кешенді талдау барысында әкімдіктердің жалған шешімдер арқылы заң бұзушылықтарын анықтады.

Қарасай ауданында – ауыл шаруашылығына арналған 5 гектар жердің нысаналы мақсаты жалған шешімдер негізінде заңсыз өзгертіліп, кейін 83 жеке учаскеге бөлінген. Прокуратураның талабымен сот бұл шешімдерді заңсыз деп танып, күшін жойды.

Іле ауданында – жеке тұрғын үй құрылысына жер беру туралы әкімнің шешімі жалған болып шықты. Сот шешімімен жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Осы фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы (жалған құжаттарды жасау және өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.

Прокуратура жалған әкімдік шешімдерін тоқтатып, жерді мемлекетке қайтарды, ал жауапты тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

28 қаңтар, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.