Атырау, 28 қаңтар 18:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 502.27
€ 597.15
₽ 6.57

​Мәжіліс депутаты Жайық пен Қиғаш өзендерінің сағасындағы экологиялық жағдайға алаңдаушылық білдірді

Бейнежазба
117 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

«AMANAT» партиясы фракциясынан Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов Премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, Жайық пен Қиғаш өзендері сағасының деградацияға ұшырауына қатысты мәселе көтерді.

Парламент өкілі өз үндеуінде өзен сағаларының таяздануы, лайлануы және су ресурстарының азаюы жүйелі сипат алып жатқанын атап өтті. Бұл жағдай Каспий бассейнінің экожүйесіне, балық қорына және жағалаудағы аудандардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына кері әсерін тигізіп жатыр.

Депутаттың айтуынша, сағалық аймақтардың тозуы балық уылдырық шашатын орындардың жойылуына, биоалуантүрліліктің төмендеуіне және балық шаруашылығымен айналысатын жергілікті халықтың өмір сүру сапасының нашарлауына әкеп соқтыруда. Сонымен қатар, ол мемлекеттік органдар арасындағы үйлестіру жұмыстарының нашарлығына және су экожүйелерін қалпына келтіруде кешенді тәсілдің жоқтығына ерекше назар аударды.

Дүйсенбай Тұрғанов Үкіметті Жайық пен Қиғаш өзендерінің сағасын сақтау және қалпына келтіру бойынша жүйелі шаралар әзірлеуге, ведомствоаралық іс-қимылды күшейтуге, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен практикалық табиғат қорғау іс-шараларын қаржыландыруды қарастыруға шақырды.

Су нысандарының одан әрі тозуын болдырмау және экологиялық келеңсіздіктерді азайту мақсатында, Премьер-министрге бұл мәселені экологтарды, ғалымдарды және өңір өкілдерін тарта отырып, уәкілетті мемлекеттік органдар деңгейінде қарау ұсынылды.


Бүгін, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.